МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 10 мамырда Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісі тіркелді.

 Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 С. Е. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы (баллмен) :
Алматы қ. 2 б.
Қаскелең қаласы 2 б.
Қарғалы ауылы 2 б.


Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың
10-17 мамырда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

9-10 мамыр аралығында Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында  10-12 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

10-11 мамыр аралығында Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін  жоғарылауы болжанады.

Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында      41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.

Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады,  төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

10 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ.: 10 мамырда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Көкшетау қ.: 10 мамырда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі.

 

10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 10 мамырда найзағай, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

10 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 10 мамырда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда Абай облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 10 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 10 мамырда түнде  найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 10 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

 

10 мамырда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 10 мамырда түнде найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.       

 

10 мамырда Павлодар облысында түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай,  күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 Павлодар қ: 10 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда батысында, солтүстігінде, шығысында Қостанай облысының найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай қ: 10 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

10 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 10 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 10 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 10 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 10 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 10 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

10 мамырда күндіз Ұлытау облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жезқазған қ.: 10 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с.
Жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

 

10 мамырда Атырау облысында солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: жоғары өрт қауіпі сақталады.

                                                             

10 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 10 мамырда түнде найзағай, таңертең тұман күтіледі.

 

10 мамырда  Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 10 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі.

 

10 мамырда Маңғыстау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ: 10 мамырда жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
10 мая 2025
Дата обновления
10 мая 2025
Тип

Сейчас читают

10 мая 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
08 мая 2025
Дауылды ескертулер
07 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы