Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 07-09 мамырда күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкін қауіпі туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер сақталады:
06-08 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 06-08 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
06-08 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20 мс, күндіз 06, тәулік бойы 07-08 мамырда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
06-08 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 06 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
05-08 мамырда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында жоғары температуралық фон күндіз 33-38°С дейін болжанады.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Жамбыл облысында жоғары өрт қауіпі сақталады және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
05-08 мамырда Ұлытау облысында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.
05-09 мамырда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 28-33°С-тан 30-35°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
05-09 мамырда Абай облысының басым бөлігінде, ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.
07-09 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
08 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 08 мамырда облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 07 мамырда облыстың тау асуларында, 08 мамырда күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
07-08 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 08 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
07-08 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 08 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
07-08 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 07 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Көкшетау қ.: 07 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
07 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Петропавл қ.: 07 мамырда түнде найзағай күтіледі.
07 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қостанай қ: 07 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
07 мамырда күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршак күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғаттын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 07 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
07 мамырда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 07 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
07 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
07 мамырда Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 07 мамырда найзағай күтіледі.
07 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 07 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.