МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың 03-06 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2900 метр биіктігінен жоғары) жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Бартоғай су қоймасынан су жіберілуіне байланысты Шелек өзені – Малыбай ауылы (Алматы облысы) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды. Сағат 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 158 см (қауіпті деңгей – 186 см). Алдағы уақытта  су тасталымы көбейетін болса, су деңгейі қауіпті деңгейден асып, өзеннің арнасынан тасуы немесе жағалаудағы аумақтарды су басу қаупі туындауы мүмкін. Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер сақталады:

03 мамырда Түркістан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 03-06 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 03-06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

04-06 мамырда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 04, күндіз 05-06 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 04-06 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.  

Дауылды ескертулер күтіледі:

05 мамырда күндіз Атырау облысының батысында қатты жаңбыр, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

05 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 мамырда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.           

05 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтілед.

05 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 мамырда Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

05 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

05 мамырда Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

05 мамырда  Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                

05-06 мамырда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

05 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысында солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

05 мамырда Қызылорда облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

Дата публикации
04 мая 2025
Дата обновления
04 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

05 мая 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 4 мамыр)
Жедел ақпарат
04 мая 2025
Дауылды ескертулер
03 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы