МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 04-06 мамырда күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкін қауіпі туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Шығыс Қазақстан облысында 1-4 мамыр аралығында облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі орта таулы аймақтарда жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

2025 жылдың 03-06 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2900 метр биіктігінен жоғары) жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

03 мамырда Түркістан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

03-06 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 03-06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 03-06 мамырда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

04 мая днем на западе, юге, в центре Акмолинской области ожидается пыльная буря.

г. Астана: 04 мая днем ожидается пыльная буря.

04 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.  Орал қ.: 04 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

04 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

04 мамырда  Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

04 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                

 

04 мамырда түнде Қостанай облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қостанай қ: 04 мамырда түнде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан  соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

 

04 мамырда Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ.: 04 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 04 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

04 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 04 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

 

04 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Павлодар қ: 04 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

04 мамырда таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың орталығында сақталады.

Жезқазған қ.: 04 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

04 мамырда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 04 мамырда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с.

 

04 мамырда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

04 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

04 мамырда Қызылорда облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

04 мамырда Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

 

04-06 мамырда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 04, күндіз 05-06 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

04-06 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.  

Тараз қ.: 04-06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.  

 

04 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қонаев қ.: 04 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

04 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
03 мая 2025
Дата обновления
03 мая 2025
Тип

Сейчас читают

05 мая 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 4 мамыр)
Жедел ақпарат
04 мая 2025
Дауылды ескертулер
03 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы