МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 01-02 мамырда күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкін қауіпі туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2025 жылдың  25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Шығыс Қазақстан облысында 29 сәуір - 1 мамыр аралығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

2025 жылдың 30 сәуір мен 02 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

 Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

01 мамырда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында  екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Облыстың батысында, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 01 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 01 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

 

01 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында бұршақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 01 мамырда солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

01 мамырда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

01 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.  

Тараз қ.: 01 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

01 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.  

 

01 мамырда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 01 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.  Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан қ.: 01 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

01 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Астана қ.: 01 мамырда түнде 2 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: 01 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

  01 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі.

 Петропавл қ.: 01 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

 

01 мамырда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Павлодар қ.: 01 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік күтіледі.        

 

01 мамырда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 мамырда түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Семей қ.: 01 мамырда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 1 градус үсік.

 Қостанай қ: 01 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.  

 

01 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтау қ.: 01 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

01 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 01 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

01 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: 01 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 мамырда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды қ.: 01 мамырда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

 

01 мамырда түнде Ұлытау облысының шығысында, солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жезқазған қ.: 01 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

01-02 мамырда Қызылорда облысы бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 01-02 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
01 мая 2025
Дата обновления
01 мая 2025
Тип

Сейчас читают

01 мая 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
01 мая 2025
Дауылды ескертулер
30 апреля 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 29 сәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы