МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың  25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 29 сәуір - 1 мамыр аралығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

28 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Орал қ.: 28 сәуірде ауа температурасының түнде 0-2 градус жылыға дейін, күндіз 6-8 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Атырау облысында  ауа температурасының түнде 5-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-6 градус жылыға дейін, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Ақтөбе облысында  күндіз ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде түнде облыстың  солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Маңгыстау облысында  ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 6-11, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ: 29 сәуірде ауа температурасының түнде және күндіз 8-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Петропавл қ.: 29 сәуірде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 4-6  градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қарағанды облысында күндіз ауа температурасының 10-15, облыстың батысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

 Астана қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 30 сәуірде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

30 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Өскемен қ.: 30 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

30 сәуірде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Семей қ.: 30 сәуірде  жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі

30 сәуірде түнде Түркістан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан қ.: 30 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

30 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында  екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 30 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 30 сәуірде кей уақытта найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

30 сәуірде Жетісу облысында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 24-29 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.  

Тараз қ.: 30 сәуірде жоғары өрт қауіпі сақталады.  

30 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Орал қ.: 30 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

30 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

30 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

30 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 30 cәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау қ.: 30 сәуірде жоғары өрт қауіпі күтіледі.                                                                                                                 

30 сәуірде  Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

30 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 30 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

30 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік.

 Қостанай қ: 30 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік.

30 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 30 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Дата публикации
29 апреля 2025
Дата обновления
29 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

23 мая 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 22 мамыр)
23 мая 2025
Дауылды ескертулер
22 мая 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 21 мамыр)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы