Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 28 сәуірде - 02 мамырда күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары, ауа райының күрт өзгеруі және қар көшкін қауіпі туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Солтүстік Қазақстан облысында:
1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).
2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.
2025 жылдың 25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында 25-28 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына және 27-28 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Дауылды ескерту күтіледі:
Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер сақталады:
28 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
28 сәуірде Атырау облысында ауа температурасының түнде 5-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-6 градус жылыға дейін, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
28 сәуірде Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
29 сәуірде Маңгыстау облысында ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 6-11, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Астана қ: 29 сәуірде ауа температурасының түнде және күндіз 8-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Қарағанды облысында күндіз ауа температурасының 10-15, облыстың батысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
29 сәуірде Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
29 сәуірде Қостанай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
29 сәуірде Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Астана қ.: 29 сәуірде батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.
28 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Орал қ.: 28 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
28 сәуірде түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау қ.: 28 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
28 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 28 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 23 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе қ.: 28 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
28 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с.
Қостанай қ: 28 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
28 сәуірде Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Астана қ.: 28 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 28 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 28 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.
28 сәуірде түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ: 28 cәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Жезқазған қ.: 28 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.
28 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 25 м/с.
Қарағанды қ.: 28 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с.
28 сәуірде түнде Абай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Семей қ.: 28 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.
28 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 28 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.
28 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 28 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 сәуірде күндіз Түркістан облысының тауында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкент қ.: 28 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Түркістан қ.: 28 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 28 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде Алматы облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қонаев қ.: 28 сәуірде оңтүстік- шығыстан бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
28 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.