Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 16-18 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.
Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
2025 жылдың 12-16 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2300 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Каменный Карьер. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (2 сағат ішінде 18 см). 10:00 жағдай бойынша су деңгейі – 715 см (қауіпті деңгей - 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Абай облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түріндегі) болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.
Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
17-18 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 18 сәуірде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 17 сәуірде күндіз 0-5 градус жылыға дейін, 18 сәуірде түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Астана қ.: 18 сәуірде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертен тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз 1-3 градус жылыға дейін төмендейді.
18 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 1-6 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстсігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
16 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
16 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Орал қ.: 16 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
16 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 16 сәуірде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
16 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе қ.: 16 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
16 сәуірде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ: 16 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қ.: 16 сәуірде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 16 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
16 сәуірде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
16 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, орталығында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
16 сәуірде түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Семей қ.: 16 сәуірде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
16 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, орталығында найзағай, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 , екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
16 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 16 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Шымкент қ.: 16 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 16 сәуірде кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 16 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.
Алматы қ.: 16 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 16 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 16 сәуірде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.