
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 км. жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Мырзакент к. - 3 б.
Жетісай - 3 б.
Абай а. - 3 б.
Сарыағаш қ. - 3 б.
Қазығұрт а. - 3 б.
Шардара қ. - 3 б.
Ленгір қ. - 3 б.
Сайрам а. - 3 б.
Шымкент қ. - 3 б.
Манкент а. - 3 б.
Ақсукент а. - 3 б.
Тұрар Рысқұлов а. - 3 б.
Бауыржан Момышұлы - 3 б.
Арыс қ. - 3 б.
Темірлан а. - 3 б.
Тараз қ. - 3 б.
Сарыкемер а. - 3 б.
Аса а. - 3 б.
Құлан а. - 2 б.
Мерке а. - 2 б.
Қаратау қ. - 2 б.
Шаян а.- 2 б.
Шәуілдір а. - 2 б.
Жанатас қ. - 2 б.
Түркістан қ. - 2 б.
Қордай а. - 2 б.
Кентау қ. - 2 б.
Шолаққорған а. - 2 б.
Шорнақ а. - 2 б.
Шу қ. - 2 б.
Төле Би а. - 2 б.
Мойынқұм а. - 2 б.
Жаңақорған а. - 2 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 13-16 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары, ауа райының күрт өзгеруі және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
9-12 сәуір аралығында Ақмола облысындағы Бұланды, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде бүйірлік және орманды алқаптардан еріген қар суы ағындарының жетуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Жекелеген аймақтарда су деңгейі қауіпті деңгейден асып, соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық нысандарын су басу мен судың жайылуына алып келуі мүмкін.
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Шығыс Қазақстан облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты таулы аймақтарда қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асқанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 474см. Қауіпті деңгей - 450 см. Су келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі жоғары ағындардан көтеріліп, қауіпті белгіден асып кетті.
Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Қарамурын гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 20:00 сағ. 392 см. Қауіпті деңгей - 420 см. Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.
Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
2025 жылдың 12-16 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2300 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер сақталады:
12 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Ауа температурасы түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
13 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін төмендейді.
Астана қ.: 13 сәуірде ауа температурасы күндіз 12-14 градус жылыға дейін төмендейді.
13 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-17 градус жылыға дейін төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
13 сәуірде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с.
13 сәуірде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 13 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
13 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкент қ.: 13 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с , екпіні 23-28 м/с күтіледі.
13 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 сәуірде Алматы облысында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
13 сәуірде Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
13 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, тұман күтіледі.
13 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман, 2 градус үсік күтіледі.
13 сәуірде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.