МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер  

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 07-11 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары, ауа райының күрт өзгеруі туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 Балкашино а. – Жабай ө. (Ақмола облысы) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 64 см). 18:00 сағ. жағдай бойынша су деңгейі - 314 см (қауіпті деңгей - 520 см), су нысанының күйі – мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ұлытау облысы, Жезді өзені – Жезді гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 08:00 сағ. 209 см. Қауіпті деңгей - 240 см.

Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.

 

Ақмола облысындағы:

  1. Аршалы а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 12 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 398 см (қауіпті деңгей – 470 см), су нысанының күйі – таза.
  2. Атбасар қ. – Жабай ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 13 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 595 см (қауіпті деңгей – 710 см), су нысанының күйі – таза.
  3. Буденовка а. – Аршалы ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 61 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 988 см (қауіпті деңгей – 1100 см), су нысанының күйі – мұздың сирек жүруі.

Өзендердің жоғары ағысынан, жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендерде су деңгейі көтерілді.

Еріген қар және бүйірлік ағындарының келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

 Журавлевка а. – Боқсық ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 36 см). 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 625 см (қауіпті деңгей -               690 см), су нысанының күйі – бекеттен жоғары мұз кептелісі, мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 2025 жылдың 05-08 сәуір аралығында аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы, және  қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Ақмола облысында 5-8 сәуір аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 2025 жылдың 5-11 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 20 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 505 см (қауіпті деңгей -            630 см), су нысанының күйі – таза. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 2025 жылдың 5-7 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Ақмола облысындағы:

Атбасар қ. – Жабай ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 721 см (қауіпті деңгей – 710 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ.

Журавлевка а. – Боқсық ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 694 см (қауіпті деңгей – 690 см) су нысанының күйі – мұздың жағаға ығысуы, сирек мұздың жүруі. Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ.

Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

  Қарағанды облысы, Үлкен құндызды өзені – Киевка (Нұра) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 08:00 сағ. 383 см. Қауіпті деңгей - 450 см.

Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. 

Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

  

Дауылды ескертулер күтіледі:

  

Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.)  гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (12 сағат ішінде 40 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 645 см (қауіпті деңгей –      630 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.

Қалқұтан ауылында өзен ағысы салдарынан аулаларда су басу жағдайлары мен автожол арқылы су тасуы байқалады.

Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 Абай облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына,  сондай-ақ 8 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Шығыс Қазақстан облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына,  сондай-ақ 8-9 сәуірде облыстың басым бөлігінде (негізінен жаңбыр түріндегі) жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

2025 жылғы 6-11 сәуір аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілуі (20-28 жылуға дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердің деңгейінің көтерілу ықтималдылығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 406 см. Қауіпті деңгей - 450 см.

Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. 

Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

  

Гидрометорталық

 

07 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 07 сәуірде түнде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 07 сәуірде түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 07 сәуірде түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай.

07 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 07 сәуірде түнде және таңертең  тұман күтіледі.

07 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 07 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

07 сәуірде түнде Қызылорда облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 07 сәуірде түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

07 сәуірде түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыс көлемінде найзағай, күннің бірінші жартысында облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шымкент қ.: 07 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын  жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Түркістан қ.: 07 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын  жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

 07 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.    

Тараз қ.: 07 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.  

07 сәуірде  күндіз  Алматы  облысының  оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай  күтіледі.  Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа  ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Алматы қ.: 07 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 07 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 25 м/с. 

 07 сәуірде таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

 07 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 07 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 07 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүтігінде тұман күтіледі.

07 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 07 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

01 мая 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
01 мая 2025
Дауылды ескертулер
30 апреля 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 29 сәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы