МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 11-12 наурызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Гидрология департаметі

 

2025 жылдың 07-11 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында  жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар

 

2025 жылдың 10-12 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Гидрометорталық

 

11 наурызда Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 11 наурызда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 11 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

11 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 11 наурызда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі.

 

11 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ,  тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде екпіні 15-20  м/с.

           

11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

 

11 наурызда Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды қ.: 11 наурызда көктайғақ күтіледі.

 

11 наурызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман.

Жезқазған қ.: 11 наурызда кей уақыттарда тұман , көктайғақ күтіледі.

11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

 

11 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Семей қ.: 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

 

11 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

11 наурызда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 

 

11 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 11 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

 

11 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде  тұман күтіледі.

 

11 наурызда Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 11 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

11 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 11 наурызда тұман күтіледі.

11 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

11 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с.

 

11 наурызда  Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

 

 

Дата публикации
11 марта 2025
Дата обновления
11 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
08 мая 2025
Дауылды ескертулер
07 мая 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
07 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы