МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

25 ақпанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аударында 15-20 м/с, 26 ақпанда облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. 25-26 ақпан аралығында облыстың оңтүстігінде ауа температурасының  8-13 градус жылыдан  1 градус аяз-4 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 3-8, облыстың таулы аудандарында 12 градус аязға дейін төмендейді.  

Шымкент қ.: 25 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 10-12 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.    27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.

Түркістан қ.: 25 ақпанда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 26 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 6-8 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.

25 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 25 ақпанда облыстың таулы аудандарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 25 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз 25, тәулік бойы 26 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 ақпанда түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 9-14 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде,таулы аудандарында 13 аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аймақтарында қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда облыстың шығысында,   26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 18-23 м/с, күндіз 26, түнде 27 ақпанда облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда  30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 10-15 градус жылыдан 2 градус аяз-3  градус жылыға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0-5 градус жылыдан 7-12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, 26-27 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 18-23 м/с, күндіз 26,  түнде 27 ақпанда екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 9-14 градус жылыдан 2-7 градус жылыға дейін, облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус жылыдан 12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың шығысында, таулы аудандарында     15 градус аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 26 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

26 ақпанда Қостанай облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.  Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 26 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар,  көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 26 ақпанда тұман күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

26 ақпанда түнде Ұлытау облысынның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

26 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

Өскемен қ.: 26 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 26 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.  Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 26 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

26 ақпанда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ақтау қ.: 26 ақпанда қар, көктайғақ күтіледі.

26 ақпанда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын.

26 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 26 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Алматы қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын  (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кешкі уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Талдықорған қ.: 26 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

 

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

09 июня 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
07 июня 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
06 июня 2025
Жер сілкінісі, даулды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы