МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 06 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

04-06 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 04-06 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 04-06 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

04-06 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 04-06 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 04 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 04-06 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

06 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

 06 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз 25 градус күтіледі.

Талдықорған қ.: 06 ақпанда түнде қатты аяз 25 градус күтіледі.

06 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 06 ақпанда тұман күтіледі.

06 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

06 ақпанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 06 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз  екпіні 15-18 м/с.

06 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

06 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екіпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 06 ақпанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

06 ақпанда Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

 06 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 06 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

06 ақпанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Семей қ.: 06 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 06 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 06 ақпанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

06 ақпанда Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

06 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

06 ақпанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
05 февраля 2025
Дата обновления
05 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
16 декабря 2025
Дауылды ескертулер
15 декабря 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 14 желтоқсан)
14 декабря 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты