"Қазгидромет"РМК деректері бойынша дауылды ескертулер
2024 жылдың 11-13 қазан аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
07-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
07-13 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 07-13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
11 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 12 қазанда облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді. Қостанай қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі
11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді. Петропавл қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі және әрі қарай төмендейді.
11 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді. Астана қ: 11 қазанда жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 12 қазанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда күндіз, 12 қазанда тәулігіне екпіні 17-22 м/с. 11 қазанда ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуді, 12 қазанда түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
12 қазанда Павлодар облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
12 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынд 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.
12 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі,13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін одан әрі қарай төмендейді.
12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады, 13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 12 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 12 қазанда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді,13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.
13 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі қарай төмендейді.
11 қазанда тәулік бойы, 12 қазанда түнде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел 30 м/с және одан аса күтіледі.
11 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 12-13 қазан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының 11 қазанда күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.
12 қазанда Атырау облысында ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін, күндіз 8-13 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.
12 қазанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 4-9 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.
11 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 қазанда түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 11 қазанда тәулік бойы облыстың солтүсігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 11-12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
11-12 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 11 қазанда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, 12 қазанда түнде найзағай күтіледі. 11 қазанда таңертең және күндіз, 12 қазанда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі.
12 қазанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қ.: 12 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 12 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с.
12 қазанда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 12 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
12 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 12 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға айналады) күтіледі.
12 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 12 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: түнде 12 қазанда қатты қар күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.
12 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысынды, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасың, қөқтайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстаң жел соғады күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 12 қазанда түнде бұрқасың, қөқтайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Астана қ.: 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Көкшетау қ.: 12 қазанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
12 қазанда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 12 қазанда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 12 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 12 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
12 қазанда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 12 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 12 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
12 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 12 қазанда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 12 қазанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.