Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаратөбе ауданы ТЖБ, № 18 ӨСБ қызметкерлері және Шыңғырлау ауданы ТЖБ, № 23 ӨСБ қызметкерлеріне «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу ұйымдастырды.
Қазақ тілін меңгеру денгейін бағалау халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес, сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым) бойынша жүргізілді. Ұсынылған 60 тест тапсырмасын орындауға 1 сағат 10 минут уақыт берілді. Оның ішінде 20 тест тапсырмасы тыңдалым, 40 тест тапсырмасы оқылым бөліктеріне тиесілі болды. Осыған байланысты, тыңдап түсіну, оқыған материалды ұғыну дәрежесі анықталды. Тест сынақтарына 28 қызметкер қатысты.