
ЖЕЛДІҢ КҮШЕЮІ
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
тексеріңіз;
- терезе әйнектерін қағаз ленталармен желімдеп және терезе қақпағын жабыңыз;
- терезелерді, есіктерді, қақпаны, шатыр люктерін тығыз жабыңыз;
- автономды қосалқы табиғи емес жарық көздерін толтырыңыз (қол шамдары, лампілер, май шамдар және т.б.);
- биікте жүргізу жұмыстарын доғарыңыз;
- желдің күшімен жеңіл көтеріліп адамдарға зақым келтіретін шатырдағы, балкондағы, лоджідегі заттарды алып тастаңыз.
Жел күшейген жағдайда:
- әйнек сынықтарынан жарақат алмас үшін терезеден қашық тұру қажет;
- бөлмеден тек қана қажетті жағдайда шығып және жалғыз шықпау керек;
- құлап бара жатқанда Сізге зақым келтірмес үшін далада талдардан, бағаналардан, жарнамалық плакаттардан аулақ тұрыңыз;
- бөлмеден жел күші азайғаннан кейін шығуға тыйым салынады;
- ашық орындарда болған жағдайда, жақын қуыстарға, жыраларға немесе жерге тығыз орналасып жасырыныңыз;
- орманда болған жағдайда, құлаған талдардан жарақат алмас үшін ашық жерге шығуға тырысыңыз;
- егер жел күші күшейіп найзағай, нөсер жаңбырларымен өтсе, онда бөлек тұрған талдарға жасырынбаңыз және электр желілерінің бағаналарына жақындамаңыз.
Жедел кезекшісінің көмекшісі
азаматтық қорғау старшинасы
А.Халилов