Өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жаңа формат өз жұмысын бастады.
Жеке құрам жөніндегі инспекция қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың жолын бірден кесу, қылмыстық және құқық бұзушылық фактілерінің жедел түрде алдын алу мақсатында QR-кодты енгізді.
Бұл өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан орын алуы мүмкін қылмыстық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге оң септігін тигізетін болады.