Батыс Қазақстан облысында Деркөл мен Шаған өзендерінің түйіскен жерінде профилактикалық іс-шаралар кешені аясында жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ауданы 2 400 шаршы метр учаскесінде мұз қабатын әлсірету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін жарылыс жасалды.
Жарылыс жұмыстары облыстың 96 учаскесінде жоспарланған. Құтқарушылар осы жұмыстарға барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша жағдай бақылауда.