Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Облыс аумағында ауа райының жылуына байланысты, су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда.

Атап айтқанда, облыс орталығы мен аудандарда қар шығару, жиналған қар суын сору, өзендерде ойық ойылып, мұз кесу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін барлығы 916 000 текше метрден астам қар шығарылып, 50 000 текше метрге жуық су сору, 9 796 ойық, 2850 метрдей мұз кесу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» мәліметі бойынша 14-16 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының +10,+16 градусқа жоғарылауы, қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы және еріген қар ағындысының өзен арналарын толтыруына байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

 

Департамент жанынан облыстық жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда.

Облыс  тұрғындарын сабырлық сақтауға шақырамыз! Өтінімдер 8 (711) 2 55-40-77, 55-40-88 немесе «112» телефон номерлері арқылы қабылданады.