Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Департамент бастығының орынбасары Е. Жалеловпен, сондай-ақ, комиссиямен бірге, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарында болып, су тасқынының алдын алу шараларымен танысты.
Бірінші кезекте Сегізсай ауылы маңындағы су өткізу сақинасы және Шыңғырлау және Бөрлі аудандары ауылдарындағы су қорғау бөгеттері қаралды. Жедел әрекет ету жасақтарының оқу-жаттығуларына қатысып, дайындық деңгейін бағалады. Сондай-ақ арық жүйесі, инертті материалдар мен қаптар қорлары, уақытша эвакуациялық пункттердің дайындығымен танысты.
Шыңғырлау ауданы үшін Елек және Шыңғырлау өзендерінен, сондай-ақ Шыңғырлау өзенінен Бөрлі ауданы үшін ықтимал қатерді азайту мақсатында Шыңғырлау ауданының үш ауылында және Бөрлі ауданының 5 ауылында арнайы қорғаныс бөгеттері салынды.
Сонымен қатар, өзен арнасына құятын ағын сулардың жолы аршылып, қосымша су өткізу құбырлары орнатылған.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі