
Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде білу қажет:
- тек зауытта жасалған жылытқыштарды қолданыңыз;
- бұл құрылғыларды жанатын заттар мен материалдардан қауіпсіз қашықтықта орнатыңыз; бұл қашықтық өнімнің техникалық паспортында көрсетілген;
- егер үйдегі немесе пәтердегі элетрсымдар ескі, тозған және розеткалар ақаулы болса, білікті электрикті жөндеуге шақырыңыз;
- бір розеткаға екі және оданда көп электр аспаптарын артық қоспаңыз: максималды рұқсат етілген жүктеменің артуына байланысты электр сымдарының авариялық жұмыс режимі (ток өткізгіш сымдар мен өзектерді қыздыру) нәтижесінде қысқа тұйықталу салдарынан өртке алып келуі мүмкін,;
- үйден бірнеше минутқа шыққанда, барлық электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіз.
Ешқашан балаларды электр құрылғылары қосылған бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз!
Электр жылытқышы қауіпсіз, егер:
- Сіз оны жанағыш заттар мен жиһаздардан алыс орнатсаңыз;
- Сіз зауытта жасалған жылытқыштарды қолданасыз, барлық қолдан жасалған электр бұйымдары үйде өртке әкеледі;
- Сіз барлық электр жылыту құрылғыларын (үтіктер, шәйнектер, плиткалар) арнайы жанбайтын тірекке орнатсаңыз;
- Сіз үйдегі ескі, тозған сымдар мен сынған розеткаларды ауыстыру үшін кәсіби электрикті шақырсаңыз;
- Сіз бір розеткаға екіден көп электр құрылғысын қоспайсыз;
- Сіз үйден бірнеше минутқа кетесеңіз, әрқашан барлық электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіз,
- Сіз ешқашан электр сымын қолыңызбен тартпасаңыз, және электр сымын дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
Егерде өрт орын алған жағдайды:
- бірден 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз (ұялы телефон арқылы);
- жанып жатқан бөлмеден мүмкіндігінше тез кетуге тырысыңыз, кішкентай балалар мен қарт адамдарға қауіпті аймақтан шығуға көмектесіңіз;
- жанып жатқан бөлмеден қашып, есіктер мен терезелерді міндетті түрде жабыңыз, әйтпесе таза ауа ағынынан өрт тезірек өршуі мүмкін;
- өрттегі түтін өрттен гөрі қауіпті, сондықтан бөлме қатты түтін болса, мұрын мен ауызды дымқыл шүберекпен жауып, өрт орнынан тез арада шығуға қарай жүріңіз;
- егер сіз өрт сөндіру бөлімін шақыра алмасаңыз, еденді, қабырғаларды қағыңыз, айқайлап көршілерді шақырыңыз; есікпен немесе тереземен шығуға тырысыңыз, еденде жатып көмек күтіңіз онда таза ауа көп;
- өрт сөндірушілер келгенде, олардың бәріне мойынсұныңыз және ештеңеден қорықпаңыз, олар сізді қалай құтқару керектігін жақсы біледі!
МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ