Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс

Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ҚР Кодексі бойынша жүзеге асырылады.

 

Есепті кезеңде жалпы жеке және заңды тұлғалардың 406 (2023ж.-185) жүгінулері келіп түсті.

Соның ішінде 256 (2023ж.-104) өтініш

18 (2023ж.-6) шағым

52 (2023ж.-12) ұсыныстар

78 (2023ж.-63) өтініш өзге де сұрақтар бойынша (хабарлама, сұрату, үн қосу)

 

Департаменттің жеке құрамы және Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі, ВКС режимінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін зерделеу және жұмыстану бойынша сабақ өткізілді.

 Сабаққа Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаментінің Өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры, БҚО Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы, БҚО Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас мамандары шақырылды.

Сабақ барысында қызметкерлердің өтініштермен жұмыс кезінде туындайтын мәселелері талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

 

Есептік кезеңде басшылық 5 (2023ж.-0) азаматты қабылдап, өтініш берушілерге қабылдау кезінде ауызша түсініктемелер берілді.

 

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Департамент басшылығының және құрылымдық бөлім басшыларының тұрақты бақылауында. Барлық өтініштерге жауаптар заңнама талаптарына сәйкес ресімделеді. Арыздарда баяндалған және келтірілген дәлелдер тексеріледі, жауаптарда қабылданған шешімге шағым жасау құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілер қамтылады.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы