Жеке құраммен кездесу өтті

Жеке құраммен кездесу өтті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде бастықтың орынбасары Т.Абдушевтың төрағалық етуімен «Діни экстремизм, терроризмнің алдын алу» және «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған шараға полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Равхат Абдешов және Орал қаласы полиция бөлімі командирінің орынбасары полиция капитаны Сабит Калиоллиев қатысып, аталған тақырыптар бойынша жеке құрамға профилактикалық түсіндірме жұмыстары мен бейнероликтер көрсетіп, «Терроризм актісі қаупі төнген кезде ТТО обьектілерінің  лауазымды адамдары, басшылары және халықтың іс-әрекеті» тақырыбында нұсқаулықтар егжей-тегжейлі жеткізілді.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі