Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

 

Батыс Қазақстан облысында суға кеткен саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.

12 эвакуациялық пунктте 2 487 адам, оның ішінде 1 081 бала қалып отыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 3 344 адам, 399 бірлік техника, 102 су сору құралы, 63 қайық және 4 әуе көлігі жұмылдырылған болатын.

Бүгінгі күні облыс аумағында жағдай тұрақты, бақылауда