Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы     1 судың өтуі және 19 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 1 елдімекен бар (Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылы).

Жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған болатын (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Бүгінгі күні саяжайлардағы 14 839 үйді су басты.

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Су жолына қапшықтарды төсеу, судан қорғау бөгеттерін салу жұмыстары түнгі ауысымда да жүргізілуде.

13 939 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 769 бала. Эвакуациялық пункттерде 2 441 адам орналасқан, 3 729 адам үйлеріне кетті.

4 940 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 279 202 дана қапшық және 24 257 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 11 261 адам, 1 988 бірлік техника,     229 бірлік су сору құралы, 197 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.