Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы

Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні саяжайлардағы 14 839 үйді су басты.

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Су жолына қапшықтарды төсеу, судан қорғау бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілуде.

13 912 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 762 бала. Эвакуациялық пункттерде 2 427 адам орналасқан, оның ішінде, 1044 бала, 3 724 адам үйлеріне кетті (902 отбасы).

4 935 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 261 996 дана қапшық және 23 652 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 11 234 адам, 1 979 бірлік техника,     229 бірлік су сору құралы, 197 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.