Батыс Қазақстан облысындағы ТЖМ психологтарының жұмысы

Батыс Қазақстан облысындағы  ТЖМ психологтарының жұмысы

Су тасқыны басталғаннан бері эвакопункттерде 177 адамға, оның ішінде 53 балаға психологиялық көмек көрсетілді, балалармен психологиялық қысымды азайту бойынша тренингтер өткізілді. Өзге өңірлерден көмекке келген қызметкерлерге уақытша орналастыру орындарында психологиялық қолдау көрсетілді. Қауырт желі телефонына 600-ден аса қоңырау түсіп, шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек берілді.
Психологиялық бағыттағы бірлескен жұмыстар жалғасуда.