БҚО-дағы су тасқыны жағдайы

БҚО-дағы су тасқыны жағдайы

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы     1 судың өтуі және 22 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Саяжайлардағы 2 994 үйді су басты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.

13 771 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 717 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 314 адам орналасқан, оның ішінде       1 009 бала, 11 457 адам туыстарында.

4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды,       979 788 дана қапшық және 12 583 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 444 адам, 1 715 бірлік техника,     212 бірлік су сору құралы, 164 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.

Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін өзге өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылды.