Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ.
Жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 63 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).
830 саяжайды су басты (Орал қаласы – 457, Бөрлі ауданы – 245, Бәйтерек ауданы – 112, Теректі ауданы - 16).
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/736 см, Шаған - 1280-1300 см/962 см.
13068 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5472 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1819 адам орналасқан, оның ішінде 877 бала.
4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды (оның ішінде ірі қара – 2351, үсақ мал – 2482, жылқы малы – 52, түйе – 1).
Облыс бойынша барлығы 1 021 618 м3 еріген қар суы сорылды, 363 936 дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 5261 адам, 825 бірлік техника, 5 бірлік мотопомпа, 14 дана жүзу құралы және 2 вертолет жұмылдырылған.
Сондай-ақ, 4 сағат сайын Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі бойынша адамдарды уақытша орналастыру пункттерін атай отырып, телерадиоарналардан хабарлама беру жүзеге асырылуда.
Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылуда, атап айтқанда:
- Алматы – ҚР ҚМ № 61993 ә/б - 100 адам, ҚР ҚМ № 18404 ә/б;
- Ақтөбе облысы - Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамынан 28 адам, 5 бірлік техника (вахтовка), 2 жүзу құралы, ҚР ТЖМ № 20982 ә/б - 30 адам, 2 бірлік техника (вахтовка);
- Қызылорда облысы - ҚР ҚМ № 66597 ә/б - 200 адам, 21 бірлік (15 камаз, 6 тойота пикап) келіп жетті.
- Қостанай облысы – ҚР ТЖМ № 52859 ә/б - 65 адам, 5 бірлік техника, 2 мотопомпа, 2 жүзу құралы;
- Қызылорда облысы - Қызылорда облысы жеке құрамынан 30 адам, 2 бірлік техника (2 вахтовка), 10 мотопомпа, 4 жүзу құралы, апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер, 1 бірлік техника (газель);
- Түркістан облысы - Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 31 адам, 2 бірлік техника (2 вахтовка), 10 мотопомпа, 2 жүзу құралы жолда келе жатыр.
- Алматы облысы - ҚР ҚМ № 32363 ә/б – 254 адам, ҚР ҚМ № 26363 ә/б келуі күтілуде.