
Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ, 1 автожолдан су өтті (облыстық жол).
60 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар.
706 саяжайды су басты.
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Орал - 850 см/713 см, Шаған - 1280-1300 см/1190 см.
12970 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5398 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1801 адам орналасқан, оның ішінде 777 бала.
4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 021 618 м3 еріген қар суы сорылды, 254 120 дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 1452 адам, 128 бірлік техника, 8 бірлік мотопомпа, 9 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасынан батыс өңірінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 4 фура жүк көлігімен азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын және қажетті тұрмыстық заттарымен гуманитарлық көмек келген болатын.