14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл - қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.
Қазақ халқы қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысқан. Бір-біріне деген араздық, өкпе-реніштерді ұмытып, амандық тілеген.
Атаулы мереке, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінде аталып өтті.
Бұл — қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық, бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі.
БҚО ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы