Оқу-жаттығудың мақсаты - жеке құрамның шартты өрттерді сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын пысықтау. Тактикалық оқу жоспарына сәйкес, 11 сағат 04 минутта машина жасау зауыты аумағында газбен дәнекерлеу жұмыстарының нәтижесінде 6-корпуста жарылыс болып, станоктар өртеніп, оттың бөлшектерді химиялық және фосфорлы өңдеуге арналған пештер орналасқан көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны туралы шартты сигнал келіп түсті.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері № 3 шақыру бойынша өрт орнына гарнизон бөлімшелерінің күштері мен құралдарын жібереді.
Аталған өрт 11 сағат 33 минутта оқшауланып, 11 сағат 36 минутта толығымен жойылды.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі