Батыс Қазақстан облысындағы құтқару жұмыстары

Батыс Қазақстан облысындағы құтқару жұмыстары

Ағымдағы жылғы 7 ақпаннан облыс аумағында ауа райының нашарлауы, нақтырақ айтсақ, боран, екпіні секундына 20 метрге дейінгі, кей жерлерде секундына 23-25 метрге дейінгі қатты жел туралы дауылды ескертуге байланысты Департаменттің кезекшілік қызметіне осы кезең аралығында 73 хабарлама түсіп, пысықталды.

Олардың ішінде, автожолдардың жабылуы және ашылуы туралы жедел сипаттағы ақпараттар, электр энергиясының ажырауы –             38 ақпарат. Департаменттің бөлімшелері дабыл бойынша                   35 шығулар жасады.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына 23 рет шықты. Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Казталов және Бәйтерек аудандарының автожолдарында қар құрсауында қалып қойған техникаларды алып шығу, адамдарды құтқару, эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына         16 рет шықты, мұнда 70 адам эвакуацияланып (оның ішінде, 2-уі бала), 6 адам құтқарылып, 4 бірлік техника (2-уі ауыр жүк көлігі, 2-уі арнайы техника) тазартылған жол учаскесіне шығарылды.

Сырым ауданында уақытша орналастыру пунктіне 3 адам жеткізілді, оның 2-уі Қырғызстан азаматтары. Бөрлі ауданында құтқарушылар аяғы ауыр 2 әйел адамды, медициналық көмекке мұқтаж 2 азаматты медициналық мекемеге жеткізуге көмек көрсетті.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Ақжайық, Сырым, Казталов, Шыңғырлау аудандарында жүргізілді, оның барысында 6 адам құтқарылған болатын.

Департаменттің бөлімшелерінен авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 97 адам және 32 бірлік техника тартылған болатын, оның ішінде, өтімділігі жоғары ауыр бронды трактор, (АБТ, ГТТБ - гусеничный тягач тяжелого бронирования), ТРЭКОЛ, байланыс және хабарлама автокөлігі (БХА, АСО - автомобиль связи и освещения), вахта автокөлігі, УАЗ секілді техникалар тартылды.

Бүгінгі күні республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар барлық бағытқа ашық.

        Департаменттің жедел штабының қауырт желісіне азаматтардан ақпараттық-анықтамалық сипатта және жедел психологиялық көмекке мұқтаж 26 қоңырау түсті.