Батыс Қазақстан облысындағы құтқару жұмыстары

Батыс Қазақстан облысындағы құтқару жұмыстары

Ағымдағы жылғы 8 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты жедел штаб пен шұғыл желі жұмысын жалғастыруда, оған қоңырау шалып жолда қалып қойған немесе ығып адасқан адамдар, сондай-ақ, олардың туыстары ақпараттық/психологиялық көмек ала алады.

            Кешеден бері жедел желі нөмірі бойынша БҚО ТЖД жедел штабына 23 қоңырау түсті, оның ішінде 22 ақпараттық сипаттағы, 1 шақыру – Атырау-Ақтөбе тас жолымен бір тәуліктен астам байланысқа шықпаған ауыр жүк көлігінің туысына шұғыл психологиялық көмек, қолдау көрсетілді.

            Бүгінгі күні "112" нөміріне жоғалған адамдар бойынша екі қоңырау түсті. Бұдан кейін Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Сырым және Шыңғырлау аудандарында екі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды. Бірінші жағдайда 1985 жылы туған азамат малға шығып кетіп оралмаған, екіншісінде 1972 жылы туған азамат 7 ақпанда мал жаюдан кейін үйіне қайтып бара жатып адасып кетті. Қоңыраулар түскеннен кейін бірнеше сағат өткен соң, екі азаматты да құтқарушылар іздестіріп тапты, табылған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

            Сондай-ақ, Бөрлі ауданында құтқарушылар Кеңтүбек ауылынан науқас адамдарды

Ақсай қаласындағы  орталық ауруханаға жеткізуге көмек көрсетті.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі