
2024 жылғы 6 ақпан күні төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб жұмыс жасауда, оған азаматтық қорғау қызметтері, жол қызметтері, энергетика қызметі, «Қазгидромет» РМК, полиция департаменті өкілдері енді.
55-40-88 нөмірлі жедел желі жұмыс жасауда.
Халықты қауіпті метеорологиялық құбылыстар және жолдардың жабылуы туралы хабардар ету мақсатында 20 телеарна мен 5 радиоарна санында хабарлама тарату жүргізілді.
Ұялы байланыс операторлары және «Дармен» қосымшасына мәтіндік SMS хабарламалар жіберілді.
«Самара-Шымкент» және «Атырау-Орал» трассаларының учаскелерінде шамамен 200 автокөлік жиналған. БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері 8 патрульдік көлікпен патрульдеу ұйымдастырды. «Атырау-Орал» тас жолындағы колоннада 6 экипаж 12 адам көліктерді алып жүріп отырды.
Республикалық жолдарда жол төсемін қардан тазарту бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-дан 48 адам, 25 бірлік техника, облыстық жолдарда 40 адам, 20 бірлік техника жұмыс жасауда.
Облыстың автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша Департамент күшімен қар құрсауынан адамдар және техниканы эвакуациялау жүргізілуде. Жеке құрамнан барлығы 14 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.