
Батыс Қазақстан облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстың маңызы бар жолдар жабылған болатын.
Жолдарда немесе қар құрсауында қалып қойған жолаушылар мен автокөліктерді шығаруға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Осыған байланысты, төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейгенде, көктайғақ және тұман кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елдімекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді. Ауа райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыстың шектелулерін қадағалауды сұрайды!!