Ғимарат құлап, өрт орын алды

Ғимарат құлап, өрт орын алды

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан          6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың  жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде ғимараттың құлауы орын алып, кейін жанған болатын.