Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай туындаған жағдайда қызметкерлер мен мүгедектігі бар тұлғалар бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ базасында сейсмикалық жаттығулар түрінде практикалық іс-шараларды пысықтау сабақтарын өткізді.
Сабақ екі кезеңнен, тыңдаушыларға интерактивті тақта, бейнепроектор, слайд, бейнероликтер арқылы теориялық материал жеткізілді.
Бас маман-психолог Ержан Утешев жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер жөнінде мазмұнды сабақ өткізді. Дәріс барысында тыңдаушыларға «Жер сілкінісі қаупі төнген және туындаған кезде тұрғындарды қорғау», «Ауаға химиялық заттарды шығару кезіндегі әрекет ету қағидалары», «Өрт қауіпсіздігі», «Абайлаңыз, жұқа мұз!», «Адамдарды үйінділер, қираған ғимараттар астынан іздеу, құтқару жолдары» атты тақырыптары түрлі көрнекіліктер арқылы жеткізілген болатын.
Екінші кезеңде теориялық материалдарды сапалы зерделеу мақсатында сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды, мұнда мекеме қызметкерлері және мүгедектігі бар адамдар жаттығуды өткізу барысында шындыққа жақын әрекеттерді сезінген болатын.