Ағымдағы жылғы 5 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы подполковник Мереке Бауыржанұлы Жұмағалиев жылу беру кезеңінің өту барысы туралы сөз сөйледі.
Ағымдағы жылу беру кезеңінде облыс аумағында 58 өрт оқиғасы тіркеліп, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 10,8%-ға азайды, қаза болғандар саны 2 жағдайға азайды.
Жылу беру кезеңінде жылу және энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖД-ның ерекше бақылауында.
Сонымен қатар, тұрғын үй секторындағы өрттер және тұрмыстық газбен уланумен байланысты төтенше жағдайлар саны күрт артады.
Соңғы 4 жылда тұрмыстық газ тұтынушылар объектілерінде табиғи газбен улану себебінен 3 адам қаза тауып, 46 адам түрлі дәрежедегі улануға ұшырады.
Департамент қызметкерлері өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы, сондай-ақ адамдардың улы газбен улануының алдын алу мақсатында жыл сайын 2 кезеңде тұрғын үй секторының аулаларын аралап, тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар санатына ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта Департамент осы санатқа жататын 443 отбасын есепке алды.
Тексеру жүргізу кезінде 443 үйдің 352-де өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, оның ішінде автономды жылыту жүйелерімен байланысты 166 бұзушылық, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 219 бұзушылық және басқа 61 бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта бұл үйлерге қайта бару жұмыстары жүргізілуде.
Өртте адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі - тұрғын үйлерде улы газ датчиктерін орнату болып табылады.
443 есепке алынған тұрғын үйлерде 320 (72,2%) датчик орнатылды.
Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында биіктігі 28 метрден асатын көп қабатты үйлердің өрт қауіпсіздігін қадағалау мақсатында жұмыс тобы құрылып, 48 көп қабатты үйге шолу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі қағидаларының 487 бұзушылығы анықталды.
Сонымен бірге, 13-17 қараша аралығында республикалық «ЖАТАҚХАНА» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері және еріктілер ұйымдарының қатысуымен облыс аумағында 42 жатақхана, хостелдардың тұрғындары мен иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Аралау барысында 1728 адамды қамтитын 42 жиын және 14 әлеуметтік сауалнама өткізілді.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы тағы да еске салғымыз келеді. Жылыту пештерін, газ қондырғыларын және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Балаларға пештерді жағуды тапсырмаңыз және үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаунызды сұраймыз.