Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылуы

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылуы

2023 жылғы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пшембаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және азаматтық қорғау ардагерлері қатысты.

М. Пшембаев мамандарылған өрт сөндіру бөлімінің ашылуы Ақсай қаласындағы өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жүктемені азайтуға, оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға, сондай-ақ, қалада және одан тыс жерлерде өрттерді сөндіру кезінде ғана емес, бөлімшелердің авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жыл басынан бері мыңнан астам адам эвакуацияланып, құтқарылды. А.Топалов, А.Камал, А.Ибрашев, А.Бисаков сияқты құтқарушылардың ерлік істері өртте және суда адам өлімінің алдын алды. Өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өміріне араласатын құтқарушылардың еңбегі - үлкен ерлік. Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар мен осы сала ардагерлеріне жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне одан әрі үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін!, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев.

Шарада мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Арыстан Нұржановқа бөлімнің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар, іс-шарада азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі және Ақсай қаласында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылуына байланысты облыс әкімі келесі қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады:

азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Сағандықұлы Жұмағалиев, Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

азаматтық қорғау капитаны Шүкаев Руслан Жұлдғалиұлы, Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері;

азаматтық қорғау капитаны Дусаев Алман Әлібекұлы, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

азаматтық қорғау лейтенанты Бектұрғанов Айболат Амангелдиевич, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері;

азаматтық қорғау старшинасы Ахметов Айбек Максотович, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі;

азаматтық қорғау старшинасы Есентурлиев Мұрат Мұратұлы, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі;

Кабаков Сүлейман Әбілмажынұлы, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ»ММ № 9 өрт сөндіру бөлімінің тылдағы қамтамасыз ету тобының технигі.