«Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі»

«Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі»

Тұрғын үй секторында өрттердің өсуінің себебі электр жылыту аспаптары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады. Алайда, ересектер жағынанда балалардың отпен ойнау сияқты кемшіліктерде бар. Есіңізде болсын! Адамдар өздерінің мүлкі мен балаларының жасаған әрекеттері үшін өздері жауап береді. Балалар өрттің барлық қауіптілігін түсінбейтіндіктен, олар сіріңкенің, оттықтың, бенгал шамдарының және т.б. тұтану мезгілі қызықтыру мүмкін, олар оның салдарын өрттен кейін түсінуі мүмкін. Ересектер де өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемейді, төсекте темекі шегеді, жанып жатқан пештер мен электр жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырады, сонымен қатар газ плитасында дайындалы жатқан тамақты ұмытады. Ересектердің барлық кемшіліктері өртке әкелуі мүмкін, ал өрт өзімен бірге мүлікті ғана емес, адам өмірін де алып кетуі мүмкін.

2023 жылдың басынан бастап БҚО бойынша 466 өрт тіркелді, өрттің жалпы санынан 281 оқиға тұрғын секторда болды. Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ЖОББМ оқушыларымен және көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты-тұрғындарды санасын көрсету және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды болдырмауға шақыру. ТЖД қызметкерлері халыққа электр желілеріне жүк түсіріп қолдануға болмайтынын және электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берілмейтінін түсіндірді.

 

БҚО ТЖД Мемелекеттік өрт бақылау басқармасы