Газ қазандықтарын қауіпсіз пайдалану

Газ қазандықтарын қауіпсіз пайдалану

2023 жылдың басынан бастап БҚО бойынша 445 өрт тіркелді, өрттің жалпы санынан 47 оқиға жылыту пештерімен болды. Пешті отынмен немесе газбен жағылатыны маңызды емес, пештердің дұрыс жұмыс істемеу қаупін білу керек. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, алдын алу шараларын жүргізсе де, бірақ мәселе әлі де бар.

               Жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердің тұрғындары, сондай-ақ ұйымдардың басшылары тұрғын үйлерде және басқа ғимараттарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау адам өліміне және мүліктің жоғалуына әкелуі мүмкін екенін есте ұстауы керек.

Жылыту пештерін пайдалану ережелерін білу қажет:

  1. ақау туралы " 104 " нөмірі бойынша газ қызметіне хабарлау;
  2. улы газбен уланбау үшін бөлмені желдетіңіз;
  3. жылыту қазандығына баратын газды өшіріңіз;
  4. форсункалар немесе газ оттықтары сөнген кезінде отын (газ) беруге тыйым салынады;
  5. Мұржалар мен пештерді күйе мен мұздан тазалаңыз;
  6. тас пештердің мұржаларында жарықтар мен ойықтарды болдырмау керек;
  7. жылыту кезеңі басталмас бұрын пеш пен түтін жолдары орналасқан қабырғаны жөндеңіз;
  8. жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ балаларға пешті қыздыруды тапсырымаңыз;
  9. жанармай және басқа жанғыш заттар мен материалдарды жанып жатқан пештің алдына қойыңыз;
  10. пешті бензинмен, керосинмен, дизель отынымен және басқа жаңғыш сұйықтықтармен жағуға болмайды;
  11. көмірлер толығымен жанып кеткенше түтін жолдарынын тартпаларын жаппаңыз;
  12. пештер мен басқа да жылыту аспаптарының жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлімдері (шегіністері), сондай-ақ күйдірусіз және зақымданусыз, өлшемі кемінде 0,5 м. х 0,7 м. (жанғыш материалдардан жасалған ағаш немесе басқа еденде) от алдындағы металл табағы болуы тиіс;
  13. пештерден шыққан күл мен көмірлерге су құйылып, қауіпсіз жерге шығарылуы керек.
  14. бақылау және реттеу аспаптары ақаулы немесе ажыратылған кезде, сондай-ақ олар болмаған кезде жылытқыш қазадықты қолдануға болмайды;
  15. әр түрлі жанғыш материалдарды пештер мен мұржаларға кептіруге болмайды;
  16. желдеткіш және газ құбырларын мұржалар ретінде пайдаланбаңыз;
  17. пештерді қатты қыздыру.
  18. өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін металл пештерді орнатуға жол берілмейді;
  19. металл пештерді ағаш конструкциялар мен жиһаздардан кемінде 1 м және от жағу құысынан ағаш конструкциялар мен жиһаздарға дейін 1,25 м қашықтықта орнату керек.
  20. пештердің астындағы жанғыш едендер тегіс төселген кірпіштердің бір қатарлы сазбен қаланып немесе қалыңдығы 0,012 м асбест парағынын беті темір жабындымен оқшаулануы керек.;
  21. шатырларда түтін өтетін барлық мұржалардың құбырлары мен қабырғаларды ақтау керек.

 

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы