Ағымдағы жылдың басынан бастап БҚО аумағында 445 өрт тіркелді, оның ішінде 100 жағдай автокөлікте, 2022 жылмен салыстырғанда - 83 жағдай 20,4 %-ға өсу байқалады.
Көліктегі өрт күтпеген жерден пайда болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Көлік құралын техникалық байқау кезінде автомобильдің жалпы жағдайы тесеріледі, бірақ электр жабдықтары мен отын жүйесін тексеру жүргізілмейді. Алайда, электр сымдарының / электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, қозғалтқыштын құбырларын шаммен қыздыру кезінде отпен абайсызда жұмыс істеу, темекі шегу, жанармай құбырының үзілуі немесе істен шығуы, қозғалтқыш бөлігін киізбен жабу, автокөліктегі өрттің негізгі себептері болып тұрады.
Өрттің ауыр зардаптарын болдырмау үшін әрбір көлікте көлемі кемінде 2 литр болатын жарамды өрт сөндіргіш болуы тиіс. Өрт сөндіргіштің құрылғысын және қолдануын білу керек. Автокөлікті жарамды күйде ұстау, аккумуляторларды көлікте тұрған күйде қайта зарядтауға жол бермеу.
Егер көлігіңіз жүргізу кезінде өртеніп кетсе, өрт кезінде автомобильде келесі ережелерін сақтаңыз:
- Көлікті тоқтатыңыз;
- Қозғалтқышты өшіріңіз;
- Қозғалтқыш бөлігінің капотының құлпын ашыңыз, қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болмаса капотты ашпаңыз;
- Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
- Өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
Егер қауіпті болмаса, машинадағы өрт сөндіргішті қолдануға тырысыңыз;
Өрт сөндіру кезінде қозғалтқыш бөлікте суды қолданбаңыз, өйткені қысқа тұйықталуы, жанып жатқан бензин тарату және жану алаңын ұлғайту тудыруы мүмкін.
Құрметті автокөлік иелері, ұмытпаңыз, өртті сөндіруден гөрі ескерту оңай!
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы