2023 жылғы 17 шілде күні 14 сағат 20 минутта 112 пультіне Орал қаласында баланың кір жуғыш машинаның барабанына (жартылай автоматты) қыстырылып қалғаны жөнінде хабарлама түскен болатын.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылы туған балақайды машина барабанынан арнайы құралдардың көмегімен шығарып, ата-анасына табыстады.
Кішкентай бөбекке алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жұмыс 15 сағат 00 минутта аяқталды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!