БҚО-да 1 учаскеде құрғақ шөптердің тұтануын сөндіру жүргізілуде

БҚО-да 1 учаскеде құрғақ шөптердің тұтануын сөндіру жүргізілуде


Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының арқасында 38 жану жойылды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру Сырым ауданының Тоғанас кентіндегі бір учаскеде жүргізілуде.
Өрт алаңы 7000 га.құрайды. Өрт 14:25 сағатта оқшауланды. Елді мекенге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өрт орындарын қарауылдау және су құю жұмыстары жүзеге асырылуда. БҚО, Ақтөбе облысының ТЖД, МЕӨҚҚ, ЕӨСЖ және ЖАО жеке құрамының 260-қа жуық адамы мен 60-тан астам техникасы жұмылдырылды.

МИ-875 Қазавиақұтқару тікұшағымен Тасқала және Ақжайық аудандарының аумағындағы барлық өрт алаңына аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Радиобайланысты қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды басқару үшін жану орнында командалық-штабтық машина (КШМ) орналасқан.

Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ашылды, оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар.

Облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық жеке құрам және 200-ден астам техника жұмылдырылды.

Облыста ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстықтың болу қаупі бар.