Батыс Қазақстан облысында бірнеше учаскелерде құрғақ шөптің жануы орын алды

Батыс Қазақстан облысында бірнеше учаскелерде құрғақ шөптің жануы орын алды

Өртті жедел сөндіру үшін облысқа су ағызу құрылғысы бар ТЖМ Қазавиақұтқару борты жіберілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша құрғақ шөптің жануының 30-дан астам фактісі тіркелді. Олардың әрқайсысына Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖМ бөлімшелерінің жедел шығуы жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Орал, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов, Бәйтерек аудандарында 20 құрғақ шөптің жануы жойылды. Қалған учаскелерде сөндіру жұмыстары жалғасуда.

ТЖ Департаментінің базасында жедел штаб орналастырылған, оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар.

Бүгін сағат 13:20-да.Айтиево ауылындағы Теректі ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрттің алдын ала ауданы 50 га.
Өртті оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін 44  адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 16 бала.  
Елді мекенге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге БҚО ТЖД, ЖЗҚ, "Қазавтотревел", ЖАО және жергілікті тұрғындардан тұратын 100 аса күштер мен құралдар, 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға орнында облыс әкімі мен ТЖД бастығы бар.

Қазіргі уақытта Новопавловка ауылында  қиын жағдай қалыптасуда. Өрттің алдын ала көлемі 25 га. Өрттің орман алқабына көшу қаупі бар. Өртті сөндіруге ТЖД 20-ға жуық адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ,  Жаңа Өмір кентіне жақын жерде жану алаңдары тіркелді. Өртті сөндіруге құрамында шамамен 20 адам және 5 техника бар ЖЗҚ және орман шаруашылығы күштері  мен құралдары жұмыс істеуде. Құрылыс және автожол басқармасының қосымша 2 су тасығышы жіберілді.

Казталов ауданының Болашақ кентінде құрғақ шөптің жануы орын алды. Өртті сөндіруге ТЖД техникасы, Семсер МЕӨҚҚ, ЖАО шамамен 70 адам және 13  техника жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бірқатар өңірлерде 35-39 градус қатты жылу күтіледі, өрт қаупі жоғары.

Жану мен өрттің барлық фактілері ТЖ департаментінің ерекше бақылауында.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының күштері мен құралдары Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды. 

2023 жылғы 10 шілдеде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 32 адамы және 5 техника бірлігі Батыс Қазақстан облысында болған құрғақ шөптің өртін сөндіруге көмек көрсету үшін жолға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, дала өрттерін жедел сөндіру үшін Қазавиақұтқару-875 тікұшағы Елордадан ұшып шыққан болатын.