Ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимыл

Ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимыл

Ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимыл

2023 жылғы 19 мамырда Бәйтерек ауданы Белес ауылында орналасқан «Жайықмұнай» ЖШС мұнай терминалына маңында мұнай құбырының су тосқауылымен қиылысында мұнайдың апаттық төгілуінің салдарын жою бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты - «Жайықмұнай» ЖШС мұнай құю терминалының маңындағы мұнай құбырындағы ауқымды төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын басқару органдары, күштер және құралдар, авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын бағалау, «Жайықмұнай» ЖШС басқару органдарының мұнайдың апат жағдайында төгілу салдарын жою кезінде Бәйтерек ауданының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру дәрежесін бағалау, мұнай құю терминалы және оған іргелес аумақта төтенше жағдай туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтерін іс-қимылдарға жаттықтыру.