Көп пәтерлі үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Көп пәтерлі үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Пәтер иелері де, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының басшылары да өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған, өрескел бұзған жағдайда көппәтерлуі, әсіресе көп қабатты тұрғын үйлер улы түтінге толы жойқын тұзаққа айналуы мүмкін екенін әрдайым есте ұстаған жөн. Пәтерден пәтерге балкондар/лоджиялар, бөлмені заңсыз қайта құру, желдету қорабы арқылы тұрғын үй ғимараттарының ішіндегі өрт қауіпсіздігін бұзумен байланысты өрттің тез таралуына көптеген себептер болады. Егер тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының басшылығы, шеберлері тұрғын емес бөлмелердің, өртке қарсы тосқауылдардың, жалпы пайдаланатын алаңдар қорына кіретін инженерлік желілердің-кіреберістерден шатырларға, жертөлелерге дейін жай-күйін қадағалауға, өрт туралы сигнал беру, түтін шығару, ішкі, сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелеріне уақтылы техникалық қызмет көрсетуге қадағалау тиіс болса; онда тұрғын үй иелері, жалға алушылар, кеңсе, сауда үй-жайлары өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға тиіс.

 

Көппәтерлі үйдің кіреберісінде тыйым салынады:

 

1) жанғыш және жанбайтын материалдарды заттарды сақтауға, себебі бұл эвакуация жолдарын бітеп тастайды;

2) лифт және баспалдақ алаңдарында, пайдаланылмайтын қоқыс құбырларының айналасында қоймалар ұйымдастыруға, пәтерлердің ішінде рұқсатсыз қайта құруға, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын орындарда, кіріп - шығуды шектейтін металл торларды орнатуға;

3) көп қабатты тұрғын үйлердің лоджияларына шығатын жерлерді үйіп тастауға, авариялық жолдардың люктерін, жауып тастауға;

4) зақымдалған электр сымдарын пайдалану;

5) тұрмыстық жылыту агрегаттарын, газ жылыту жабдықтарын қараусыз қалдыруға;

6) тез тұтанғыш сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды ластарды тазарту үшін пайдалануға, себебі бұл өртке әкелуі мүмкін;

7) өз күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалауға;

8) мүлікті құтқару арқылы өз өмірін қатерге тігуге;

9) өрт сөндірушілерді алдын ала шақырмай, отты сөндірумен айналысуға;

10) электр кернеудегі аспаптарды сумен сөндіруге;

11) шкафтарда, қоймаларда, бұрыштарға және т.б. жасырынуға;

 

Өрт кезіндегі тәртіп ережелері:

 

- өрт немесе жану белгілері табылған кезде (түтін, күйік иісі, жоғары температура) тез арада 101,112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлауға;

- бұл ретте объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерді атауға және өз тегін хабарлауға;

- адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастырыңыз қажет;

- қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарын (су, құм, қар, өрт сөндіргіштер, суға малынған мата материалдары) өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін өртті сөндіру үшін пайдалану;

- қарт адамдарды, балаларды, мүгедектерді және науқастарды қауіпті аймақтан тыс жерге шығарып тастаңыз.

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАКЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ