25 сәуір 20 сағат 58 минутта Орал қаласы, Хусаинов көшесі, 3 үй, 30 ш. м. алаңда гараж және ішіндегі ВАЗ-2121 (Нива) тұтанып, от 42 ш.м. алаңдағы жеке тұрғын үйдің шатырына көшеді.
Гараждан 3 мәйіт табылды, сондай-ақ, 4 оттегі баллоны (сыйымдылығы 50 л.) шығарылды.
Өрт 21 сағат 32 минутта оқшауланып, 22 сағат 02 минутта жойылды.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Отты жоюға ТЖД және қызмет басшылығы, № 5 ӨСБ, № 8 ӨСБ, өртті сөндіру кезекшілік қызметі, анықтау бөлімі (23 қызметкер және 7 бірлік техника) жұмылдырылды.
Қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында:
- зақымдалған розеткалар мен қосқыштарды пайдалануға;
- ашық электр сымдарына бояу жағу немесе оны түсқағаздармен жабуға:
- сымдарды батареяларға, мұржаларға немесе басқа да қыздырғыш құрылғылардың үстіне салуға:
- қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға:
- бір розеткаға бірнеше жоғары қуатты электр құрылғыларын қосуға:
- киімді пештің үстіне кептіруге тыйым салынады:
- электр сымдарына судың тиюін болдырмау маңызды:
- газ иісі байқалған кезде газ құрылғыларын пайдалануға болмайды. Газ құрылғыларын орнату, жөндеу және тексеру жұмыстарын тек тиісті маман өкілдері ғана жасауы тиіс. Газ иісі байқалған жағдайда, крандарды жауып, төтенше жағдай қызметін шақыру керек.