Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс атқаруда.

Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс атқаруда.

 

Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс атқаруда.

Қалалық және аудандық су тасқынына қарсы штабтың телефон номерлері жазылған ақпарат таратылған болатын.

Бір тәулікте, атап айтсақ, 9 наурыз күні 08.00-ден облыс тұрғындарынан 36 қоңырау түсті.

         Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан – 16 адам, 2 бірлік техника, 4 бірлік мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 354 адам, 165 бірлік техника, 43 бірлік мотопомпа және 61 бірлік су айдау техникасы жұмылдырылған болатын.

Еріген қар суын сору жұмыстары Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Тасқала, Жаңақала, Сырым, Бәйтерек аудандарында жүргізілді. Өзге аудандарда су басу қаупінің болмауына байланысты жұмыстар жүргізілген жоқ.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 9704 м3 (тәулігіне) еріген қар суы сорылды. Барлығы - 44587,6 м3 су сорылды.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 7075 м3 (тәулігіне) қар шығарылды. Барлығы – 307180 м3 қар шығарылды. 

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖД және Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері 17946 үгіт материалдарын таратты.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

ҚҰРМЕТТІ ОРАЛ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жыл сайын су тасқыны кезеңінде аула аумақтары мен елдімекендердің көшелерін еріген сулармен су басу жағдайлары туындайды. Еріген су тасқынының себептерінің бірі - қарды уақытылы шығармау.

Еріген су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден, су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуді сұрайды, атап айтқанда:

- аула аумағында жиналған қарды шығаруды ұйымдастыру;

- үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қар мен   мұздан тазарту;

- жеке пәтерлердің, адамдар көп жиналатын объектілердің, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына мұз құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін, ленталарды орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта адамның қаза болуына және жарақаттануына немесе ғимараттардың құрылыстары мен шатырларының қирауына жол бермеу және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын орындау бойынша барлық тиісті шараларды қабылдау қажет екенін еске салады.